★«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
ИИД МБ шеңберінде Мюнхен техникалық университетіндегі іс-тәжірібе
03.02.2016ж. - 12.02.2016ж. аралығында М.Әуезов ат. ОҚМУ-нің «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің 12 оқытушыларынан құралған делегациясын бастаған декан Болысбек А.А., ЖООКББ Байжанова С.Б., Болон процессінің және халықаралық рейтинг аға маманы А.Ковалева, БЗХТ кафедрасының меңгерушісі Айтуреев М.Ж., сондай-ақ ИИДМБ жуаптылары Сейтмагзимова Г.М. және сол кафедраның жас ғалымдары Алтыбаев Ж.М., Кадирбаева А., Камбарова Г., Назарбек У., және «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының проф. Б.Т.Таймасов бастаған жас ғалымдарымен Жакипбаев Б.Е., Бажирова К.Н. Мюнхен техникалық университетіндегі іс-тәжірібе өткен. Іс-тәжірібе екі модульді оқу бағдарламалары «Силикатты материалдардың өндірісі» және «Поликомпонентті минералді тынайтқыштар синтезі» кафедра аралық Мюнхен техникалық университетіндегі «Құрылыс химиясы» және «Химиялық инженерия» бойынша жүргізілген.
Мюнхен техникалық университетіндегі профессорлардың жетекшілігімен іс-тәжірібе кезеңінде И.Планк, К.О.Хенриксен, Ф.Е.Кюн дәрістер, презентациялар материалмен танысып, материалды-техникалық базамен және ғылыми зертханаларымен, магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу және диссертациялар жүмыстарымен тындап таныстық, модульді оқу бағдарламаларын талқыладық, Clariant химия зауытын, Rohrdorfer цемент зауытын және Wacker Polymers полимерлер қоспалар зауытын көрдік.
Іс-тәжірібенің соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді және проф. И.Планк «Силикат материалдарының өндірісі» оқу бағдарламасына оң сараптамалық пікір берді.





Басқа жаңалықтар

«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған

Фергана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан Республикасы)Ашық сабақ
Университеттер арасында өзара ынтымақтастық келісім негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үрдісінде тәжірибе алмасу ма
