★«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
«Тәуелсіз қазақ елінің жастары және дін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
15 сәуір 2016 жылы, сағ.11:30, 127 «А» ауд. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасы «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің ХТ-15-6р тобының студенттері ұйымдастыруымен «Тәуелсіз қазақ елінің жастары және дін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - жастарды төзімділік рухында және діни экстремизмге қарсы тұруға тәрбиелеу. «Дөңгелек үстелге" қатысқандар: "А. Қаттами" атындағы қалалық мешіттің ұстазы Төленов Д., Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің жоғары білікті маманы Шалданбаева А. М., деканның орынбасары Байысбай Ө.П. және аға кураторы Сарсенбаева А. У.
«Дөңгелек үстел» барысында «А.Қаттами» атындағы қалалық мешіттің ұстазы Д Төленов дәстүрлі діндерді уағыздаудың мәнін, христиан және ислам діндерінің ерекшеліктеріне тоқталды. Теріс діни ағымдардың негізгі мақсаттары болып табылатын бұрмаланған көріністегі-дін өмірге қауіпті екенін мысалдар арқылы түсіндірді. Студенттердің жан-жақты қойған сұрақтарына жауап берді.





Басқа жаңалықтар

«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған

Фергана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан Республикасы)Ашық сабақ
Университеттер арасында өзара ынтымақтастық келісім негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үрдісінде тәжірибе алмасу ма
