★«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
2017 жылғы мамыр айының 15 жұлдызында «Цемент керамика және шыны технологиялары» кафедрасында Ұлы Отан соғысы жеңісіне 72 жыл толуына орай «Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды» тақырыбында ашық тәлімгерлік сағат болып өтті. Тәлімгерлік сағатта кафедрада қызмет атқарған соғыс ардагерлері техника ғылымдарының кандидаты, профессор Анатолий Александрович Балакирев пен техника ғылымдарының кандидаты, доцент Николай Григорьевич Рухлин еңбектері, соғыс кезіндегі ерліктері еске алынды. Бұл іс-шараның мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, жас ұстаздардың, магистрант және студенттердің санасына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың істерін мақтан тұтып, жастарды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу.

Басқа жаңалықтар

«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған

Фергана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан Республикасы)Ашық сабақ
Университеттер арасында өзара ынтымақтастық келісім негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үрдісінде тәжірибе алмасу ма
