★«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
Тәуелсіз қазақ елінің жастары және дін
03 сәуір 2017 жылы, сағ.11:30, 211 «А» оқу залында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, «Мұнай өңдеу және мұнай химиясы» кафедрасы «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің ХТ-15-6р1 тобының студенттері ұйымдастыруымен "Тәуелсіз қазақ елінің жастары және дін" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - жастарды төзімділік рухында және діни экстремизмге қарсы тұруға тәрбиелеу. «Дөңгелек үстелге" қатысқандар: Декан орынбасары Байысбай Ө.П., жоғары мектептің аға тәлімгері Естауова А.А., «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасының аға тәлімгері Сарсенбаева А.У., ХТ-15-6р1 тобының тәлімгері Оразымбетова А.О. және ХИжБТ ЖМ-нің студенттері және арнайы шақырылған қонақтар:
1. Маймақов Ғаппар Қазыбекұлы - «Қазақстан халық ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігінің (ҚБ) төрағасы.
2. Бекбосынов Ерімбек Төленұлы – доктор РhD, теолог-заңгер, «Асыл мұра» ҚБ лекторы және Заң факультетінің декан орынбасары.
3. Ержігітов Марат Қайратұлы – Облыстық әкімшіліктің діни зерттеу орталығының (бөлімінің) бастығы.
«Дөңгелек үстел» барысында Маймақов Ғаппар Қазыбекұлы, Бекбосынов Ерімбек Төленұлы және Ержігітов Марат Қайратұлы дәстүрлі діндерді уағыздаудың мәнін, христиан және ислам діндерінің ерекшеліктеріне тоқталды. Теріс діни ағымдардың негізгі мақсаттары болып табылатын бұрмаланған көріністегі-дін өмірге қауіпті екенін мысалдар арқылы түсіндірді. Студенттердің жан-жақты қойған сұрақтарына жауап берді.

Басқа жаңалықтар

«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған

Фергана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан Республикасы)Ашық сабақ
Университеттер арасында өзара ынтымақтастық келісім негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үрдісінде тәжірибе алмасу ма
