★«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
«Жас ғалым-2018» ғылыми-инновациялық жобалардың аймақтық конкурсы
«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының 2 курс докторанты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары - Жаникулов Нурғали Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасында «Жас ғалым-2018» ғылыми-инновациялық жобалар байқауына қатысты. Конкурсқа барлығы 29 жасқа дейінгі тәуелсіз зерттеушілерден шамамен 60 өтініш түсті. Олардың ішінен ең табысты 10 ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды конкурстық комиссия таңдап, бағалады. Байқауға Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының ғылыми және білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
Марапаттау рәсімінде М.Әуезов ОҚМУ Жас ғалымдар кеңесі төрағасы Бибол Жакипбаев белсенді атсалысты. Жамбыл облысы мен Тараз қаласының жастар бірлестіктерінің басшыларымен кездесу барысында 2019 жылы - жастар жылында ынтымақтастықтың өзара тиімді жолдарын талқылады. Конкурстың қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жас ғалымы, PhD докторанты - Нұрғали Жаникулов екінші орынды иеленді және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қолынан диплом және ноутбук алды.



Басқа жаңалықтар

«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған

Фергана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан Республикасы)Ашық сабақ
Университеттер арасында өзара ынтымақтастық келісім негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үрдісінде тәжірибе алмасу ма
