★«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
Рухани жаңғыру бағдарламасына 2-жыл
18.04.2019ж. күні сағат 1100 -де 127А дәрісханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына 2-жыл толуына орай «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінде іс шара болып өтті. Іс-шараға қоғам қайраткері университеттің бұрынғы ректоры, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР инженерлік академияның академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Молдабеков Шаяхмет Молдабекұлы, жоғары мектеп деканы Болысбек Айдарбек Әлібекұлы, жоғары мектеп деканының орынбасары Байысбай Өмірбек Пернебайұлы, Рухани жаңғыру кеңсесінің қызметкері Айгүл Аманқызы және жоғары мектеп профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шараны жоғары мектеп деканы Болысбек Айдарбек Әлібекұлы Рухани жаңғыру бағдарламасына 2-жыл толуына орай атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Техника ғылымдарының докторы, профессор Молдабеков Шаяхмет Молдабекұлы студенттерге жақсы оқып білім алып Қазақстанның дамуына үлестеріңді қоса беріңдер деп тілек білдірді. Іс-шара соңында жоғары мектеп 1-курс студенттері Аида мен Аякөз қазақтың күйін тартып өз өнерлерін көрсетті.



Басқа жаңалықтар

«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған

Фергана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан Республикасы)Ашық сабақ
Университеттер арасында өзара ынтымақтастық келісім негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үрдісінде тәжірибе алмасу ма
