★«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
«ЕСОCENTRE-CONSULTING»
2021 жылдың қаңтар айының 26 күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Экология» кафедрасы ЖШС «ЕСОCENTRE-CONSULTING» бірлесе отырып дуалдық білім беру жүйесінің ашу рәсімі өтті.
Дуальды оқыту (ДО) - бұл жүйе бір мезгілде екі бағыт бойынша-теориялық және практикалық маманды даярлауды көздейді. Оқу уақытының 1/3 бөлігі ЖОО-да базалық білім алады, ал 2/3 бөлігі өндірісте — оқыту кәсіпорнында машықтарды шыңдайды және іс жүзінде маңызды білім алады. Басты мақсат — өндірісте жұмыс істеудің базалық дағдылары қалыптасқан білікті және сауатты түлекті дайындау, техникалық және бейінді білім беру жүйесінде ДО қазақстандық моделін әзірлеу.
Дуалды білім беру, кәсіби тәжірибені оңтайлы берумен қатар, өндірістік жағдайларда өз ұстанымын бекітуге мүмкіндік береді. Кәсіпорындар студенттерден келетін жаңа идеялар мен импульстардан пайда көреді. Оқу аяқталғаннан кейін студенттер бірден өндіріске қатыса алады.




Басқа жаңалықтар

«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған

Фергана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан Республикасы)Ашық сабақ
Университеттер арасында өзара ынтымақтастық келісім негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үрдісінде тәжірибе алмасу ма
