★«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
"Экология" кафедрасының базасында "Ашық есік күні"
2022 ж. 16 ақпанда сағат 13.00-де М.Әуезов атындағы ОҚУ "Экология" кафедрасының базасында 421А аудиториясында Шымкент қаласының № 25, 33, 23, 11, 24 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған "Ашық есік күні" іс-шарасы өтті Бұл күні "Экология" кафедрасының білім беру бағдарламалары (видео және презентациялар), студенттердің ғылыми жұмыстары ұсынылды, сондай-ақ М.Әуезов атындағы ОҚУ түсуге ниет білдірушілер үшін барлық қажетті ақпараттар ұсынылды. Мектеп түлектері оқуға түсу, білім гранттары, жатақханалар, ақылы бөлімдер және жеңілдіктер туралы сұрақтар қойды. Оқушылар алдында "ХИ және БТ" ЖМ деканы М.Ж. Айтуреев, "Экология" кафедрасының меңгерушісі Ж. А. Шингисбаева, кафедраның кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты Е.У. Әмірбеков сөз сөйледі. Мектеп оқушылары арасында кәсіби бейімділігін анықтауға арналған тест өткізіліп, ол тест мектеп бітірушілер арасында қызу пікірталас тудырды. Кездесу соңында оқушылармен кафедраның зертханаларына экскурсия өткізіліп, оларға қызықты тәжірибелер көрсетілді, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.




















Басқа жаңалықтар

«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған

Фергана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан Республикасы)Ашық сабақ
Университеттер арасында өзара ынтымақтастық келісім негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үрдісінде тәжірибе алмасу ма
