★«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
"Металлургия" кафедрасының базасында "Ашық есік күні"
Ақпанның 17 күні М.Әуезов атындағы ОҚУ «Химиялық Инженерия және Биотехнология» жоғары мектебінің «Металлургия» кафедрасында «Ашық есік» күні өтілді. Бұл іс-шараға Шымкент қаласының №77,78,52,19,9,18,33 мектептерінің оқушылары қатысты. Еліміздің кәзіргі таңда техникалық мамандықтарға бағыт алуына байланысты сұраныс артып отыр, сол себептен мектеп түлектерін келешек мамандыққа дұрыс таңдау жасау және грант иегері атану үшін ҰБТ тапсыру шарттарымен таныстыру мақсатында, кафедрамыздың профессор оқытушыларымен кездесіп, өз сұрақтарына жауап алды. Іс-шара барысында кафедрамыздың меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор В.М.Шевко сөз алып, Металлургия мамандығының еліміздің индустриясын, экономикасын дамытуда себепші сала екені айтылды. Сонымен қатар, Металлургия кафедрасының тыныс тіршілігі туралы презентация және видео-ролик көрсетілді.


















Басқа жаңалықтар

«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған

Фергана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан Республикасы)Ашық сабақ
Университеттер арасында өзара ынтымақтастық келісім негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үрдісінде тәжірибе алмасу ма
