★«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
"Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы" кафедрасының базасында "Ашық есік күні"
2022 жылдың 25 ақпанында М.Әуезов атындағы ОҚУ "Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы" кафедрасында Шымкент қаласының #88 ЖОББМ, #80 мектеп-лицей, С.Ерубаев атындағы #24 мектеп-лицей, #137 ЖОББМ, Б.Момышұлы ат.#120 ЖОМ, #47мектеп-гимназия, #20 ЖОББМ, #2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернат оқушыларына және Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледж студенттеріне "Ашық есік" іс-шарасы өтті. Іс-шарада кафедра меңгерушісі Н.М.Дәуренбек және "Химиялық инженерия және биотехнология" жоғары мектебі деканы С.Ж.Айтуреев сөз сөйледі. 6В07170-"Органикалық заттардың химиялық технологиясы", 6В07172-"Мұнай мен газды өңдеу технологиясы", 6В07280-"Полимерлерді өндіру және өңдеу технологиясы", 6В07271-"Фармацевтикалық және парфюмерлік-косметикалық құралдар технологиясы" білім беру бағдарламалары бойынша жалпы мәліметтер, ЖОО-на қабылдау шарттары түсіндірілді. Оқушылар кафедраның докторанттары және магистранттарымен бірге химиялық технология бойынша тәжірибелер жасауға қатысты. Құрметті оқушылар, біздің білім беру бағдарламаларын таңдауға шақырамыз!












Басқа жаңалықтар

«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған

Фергана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан Республикасы)Ашық сабақ
Университеттер арасында өзара ынтымақтастық келісім негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үрдісінде тәжірибе алмасу ма
