★«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
ОҚУ Басқарма төрағасы-Ректоры Д. П. Қожамжарова қыздар профессорлық-оқытушылық құрамын құттықтады
3 Наурыз 2022 ж. М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Қожамжарова Д.П. университеттегі қыз-келіншек профессор-оқытушы құрамын 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, «Құрмет грамотасымен» марапаттап өтті. Қыз-келіншек профессор-оқытушы құрамының университеттегі, қоғамдағы алатын орнына, ғылыми жетістіктеріне ерекше тоқтала отырып, алғысын білдірді. Өз кезегінде «Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғары мектебінің қыз-келіншек профессор-оқытушы құрамы Дария Пернешқызының ерекше құттықтауына шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сізді көктемнің тамаша мерекесі 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, сарқылмас қуат, барлық жоспарларыңыздың орындалуын және өркендей беруіңізге тілектеспіз! «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің қыз-келіншек профессор оқытушы құрамы!


Басқа жаңалықтар

«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған

Фергана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан Республикасы)Ашық сабақ
Университеттер арасында өзара ынтымақтастық келісім негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үрдісінде тәжірибе алмасу ма
