★«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
Ашық форматта "Ауа сапасын жақсарту әрекеттері" тақырыбында дәріс
2022 жылдың наурыз айының 3-4 күндері «Әлеуметтік-экологиялық қор» қоғамдық қоры Қазақстанда 2021-2022 жылдар аралығында «Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар» жобасын жүзеге асыру барысында М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі, «Экология» кафедрасымен бірлесе отырып «Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар» тақырыбында ашық форматта дәрістер өткізді. Дәрістерде бүгінгі таңда Қазақстандағы ауаның ластануы кез келген адамның денсаулығына әсер ететін ең күрделі экологиялық факторлардың бірі болып табылатындығы және халықтың ол туралы хабардар болуы маңыздылығын ашып көрсетті. Жоба аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Өскемен қалаларында ауа сапасы бойынша ашық ақпараттар және жүргізілген ғылыми-зерттеулер нәтижелері баяндалды және нақты іс-шаралар ұсынылды. Дәрістердің ұзақтығы екі сағатты құрады. Дәріс жүргізушісі: ауа сапасы жөніндегі маман - Насиба Байматова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химиялық технологиялар бағытындағы 16 жыл еңбек өтілі бар ғылыми қызметкер – эколог. Дәріске ғылыми қызметкерлер, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты. Дәрістер кезінде қоршаған ортаны қорғау, атмосфералық ауаның ластануы, ауа сапасын бағалау, ауа сапасын зерттеу, ауаның ластануын азайту механизмдері туралы толық ақпараттар беріліп, толғандырған сұрақтарға жауаптар алынды.












Басқа жаңалықтар

«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған

Фергана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан Республикасы)Ашық сабақ
Университеттер арасында өзара ынтымақтастық келісім негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үрдісінде тәжірибе алмасу ма
