★«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
уыз суды тазарту және дезинфекциялау үшін бактерицидтік және цеолиттік сүзгілер» халықаралық жобасы
2022 жылдың 25 сәуірінде М.Әуезова атындағы ОҚУ Басқарма Төрайымы-Ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарова GE2506 «Ауыз суды тазарту және дезинфекциялау үшін бактерицидтік және цеолиттік сүзгілер» халықаралық жобасының шартына қол қойды, оның қатысушылары Грузия, Армения және Қазақстан сияқты елдер, орындалу жылдары -2022-2024 ж. Грантты ISTC, Funding-Japan береді. Жоба жетекшісі – Джакипбекова Н.О, жобаға қатысушылар – «Экология», «Химия», «Мұнай өңдеу және мұнай химиясы» кафедраларының доценттері мен оқытушылары қатысуда. Сондай-ақ келісімге Тбилиси мемлекеттік университетінің ректоры Гиоргий Шарвашидзе, Армения ұлттық аграрлық университетінің ректоры Вардан Урутян қол қойды. Жобаның серіктестері АҚШ, Жапония, Швеция, Австралия, Греция, Болгария сияқты елдер. Жобаға қатысушыларға жемісті жұмыс тілейміз!








Басқа жаңалықтар

«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған

Фергана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан Республикасы)Ашық сабақ
Университеттер арасында өзара ынтымақтастық келісім негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үрдісінде тәжірибе алмасу ма
