★«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі
"Жаңа дәуірдегі Интеллектуалды ұлт"тақырыбындағы ғылыми дөңгелек үстел
2022 ж. 14 маусым күні университетімізде Қала күніне орай «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа дәуірдегі интеллектуалды ұлт» тақырыбындағы ғылыми дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге университет студенттері, магистранттары, профессор-оқытушылар және шақырылған қонақтар қатысты.Іс-шара университет ректоры, т.ғ.д., профессор Д.Қожамжарованың кіріспе сөзімен ашылып баяндамашылардың пікірлерімен жалғасып отырды. Аталмыш іс-шарада химия және химиялық технология негіздері кафедрасының доценті, х.ғ.к. М.Нарманов «Жаңа дәуірдегі интеллектуалдық ұлт тақырыбында баяндама жасап зияткер ұлт қалыптастыру бағытындағы ой-пікірлерімен, ұсыныстарымен бөлісті. Шара соңында Қала күніне арналған «Жаңа дәуірдегі интеллектуалдық ұлт» тақырыбындағы дөңгелек үстелге белсене қатысқаны үшін аталмыш кафедра доценті М.Нарманов Шымкент қаласы әкімінің бірінші оынбасары Ш.Мұқанның Сертификатымен марапатталды.






Басқа жаңалықтар

«Ел қорғаны – ерлер, Жеңіс жолы – ұрпаққа өнеге»: Әуезов университетінде қос мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ерлік пен елдік ұлықталған күн! Бүгін Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған

Фергана мемлекеттік университетінен (Өзбекстан Республикасы)Ашық сабақ
Университеттер арасында өзара ынтымақтастық келісім негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаны жүзеге асыру және білім беру үрдісінде тәжірибе алмасу ма
