★Заң факультеті
Тәуелсіз Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
09.12.2016ж. күні, сағат 09.00–13.00 аралығында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің ОПҚ және студенттері М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі «Заң факультетінің» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы» атты тақырыбындағы Оңтүстік аймақтық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсенді қатысты.
Конференцияның қорытындысы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі «Заң факультетінің» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы» атты тақырыбындағы Оңтүстік аймақтық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясында мазмұнды баяндама жасағаны үшін ЮМ-13-1к5 тобының студенті Алпысбаева Айдана Кеңесбекқызы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін ректоры, п.ғ.д., профессор М.Сарыбековтың қолынан I-дәрежелі Дипломмен марапатталды. III-дәрежелі Дипломмен ЮМ-13-1к3 тобының студенті Бейсеқұл Ақбота Советқызы марапатталды. Сертификатпен ЮМ-13-1к5 тобының студенттері Курбантаева Томирис Уалиханқызы, Ерлан Ардақ Ерғалиқызы және т.б. студенттеріміз марапатталды.
Осыған орай 12.12.2016ж. күні, сағат 15.00–16.00 аралығында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің деканы Орынтаев Жамбыл Қылуетұлы жоғарыдағы конференцияға факультетіміздің атынан қатысқан студенттерді және олардың жетекшілерін қошеметке бөлеп, алғыс хаттар табыстау үшін жиналыс өткізді.
Басқа жаңалықтар

Шын жүректен құттықтаймыз !
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Заң факультеті «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев

Спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушы-профессорлық құрам арасында өткен спартакиадада кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайра

Күзгі қалалық марафонға кафедрамыз белсенділік танытты
2026 жылы Шымкент қаласында өткен күзгі қалалық марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайрат Тілеубергенұлы қатысып, белсенділік танытты. Аталған спортт