★Заң факультеті
М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ мұражайымен танысу
18-22.09.2017ж. күндері аралығында, күнделікті сағат 14.00–18.00 аралығында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің аға тәлімгері Ибраев Жандос Ғабитұлы жетекшілігімен "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің барлық бірінші курс студенттері М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратында орналасқан «М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ Мұражайында» тәрбиелік экскурсияда болды.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің мұражайымен танысу барысында ЮМ-17-1к1, ЮМ-17-1к2, ЮМ-17-1к3, ЮМ-17-1к4, ЮМ-17-1к5, ЮМ-17-1к6, ЮМ-17-1к7, ЮМ-17-1к8, ЮМ-17-1к9, ЮМ-17-1к10, ЮМ-17-1т, ЮМ-17-1р1, ЮМ-17-1р2, ЮМ-17-1р3, ЮМ-17-4к, ЮМ-17-3к, ЮМ-17-3р, ЮМ-17-3т, ЮМ-17-2к, ЮМ-17-2р, ЮМ-17-1кс және ЮМ-17-1рс топ студенттері өздеріне М.Әуезов атындағы ОҚМУ туралы көптеген қызықты ақпараттар алды. Студенттерді университетіміздің тыңғылықты бай туар ұлан жылдарды қамтитын ұзақ тарихы қатты қызықтырды. Студенттер осы оқу ордасының табалдырығын аттаған сәттен бастап ақ, сол үлкен тарихтың бір мүшесі болып қалатындықтарын сезініп, Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде оқитындықтарын үлкен абырой, мәртебе тұтты. Сонымен қатар студенттер мұражайдың тарихымен таныстырған экспедитор, мұражай меңгерушісі Абдиханова Алия Жаңғазықызы апайға үлкен алғыстарын білдірді. Өйткені мұражай қызметкерлері студенттерді жылы шыраймен қарсы алып, мұражайдағы экспонаттар мен Университет тарихымен толыққанды таныстырып, мұражай тарихымен танысамын деген өзге де студенттерге Университет мұражайының есігі әрдайым ашық екенін жеткізді.
Басқа жаңалықтар

Шын жүректен құттықтаймыз !
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Заң факультеті «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев

Спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушы-профессорлық құрам арасында өткен спартакиадада кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайра

Күзгі қалалық марафонға кафедрамыз белсенділік танытты
2026 жылы Шымкент қаласында өткен күзгі қалалық марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайрат Тілеубергенұлы қатысып, белсенділік танытты. Аталған спортт