★Заң факультеті
I-курс студенттерімен жиналыс
03.09.2018ж. күні, сағат 12.00-17.00 аралығында М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың бас ғимаратының «Акт залы» №339, 341, №142 «Криминалистік полигон», 148, 156 дәрісханалары және №144 «Сот залы»№340,339 дәрісханасында «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің ОПҚ-ның барлық 100% I-курс студенттерімен жиналысы өтті.
«Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Орынтаев Жамбыл Қылуетұлы: «Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласына байланысты баяндама жасады.
Аталған кездесудің негізгі мақсаты: I-ші курс студенттеріне «Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын түсіндіру, әрі насихаттау. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға қабылданған I-ші курс студенттерін кредиттік оқу технологиясының ерекшеліктерімен, тәрбие саласы бойынша жүргізілетін жұмыстармен толық таныстырып студенттердің қоғамдық жұмысқа белсенділігін арттыру, факультет ОПҚ-мен толыққанды таныстыру, Корпоративтік этика кодексімен егжей-тегжейлі таныстыру, топ тәлімгерлерімен таныстыру болып табылды және аталған мақсат жоғары дәрежеде жүзеге асырылды.
Басқа жаңалықтар

Шын жүректен құттықтаймыз !
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Заң факультеті «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев

Спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушы-профессорлық құрам арасында өткен спартакиадада кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайра

Күзгі қалалық марафонға кафедрамыз белсенділік танытты
2026 жылы Шымкент қаласында өткен күзгі қалалық марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайрат Тілеубергенұлы қатысып, белсенділік танытты. Аталған спортт