★Заң факультеті
"Крим-Экс 2019" Республикалық конкурсы
26.04.2019 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің "Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика" кафедрасының қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетел елдерінің ЖОО студенттері арасында жыл сайынғы "Крим-Экс 2019" Республикалық конкурсын өткізді. Байқау командалық және жеке есепте өткізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарынан 12 команда қатысты.
Жарыс 5 кезеңнен тұрды, "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің "5В030100-Құқықтану" мамандығының 4-ші курс студенттері қатысты. Команда "VERUM 1" деп аталды, команда құрамында 4 қатысушы болды. Бокаева Петимат Сайдаахиятовна, Аян Даир Сұлтанбекұлы, Сәрсенбаев Бектұр Қалаубекұлы және Цой Владимир Викторович. Жетекшісі "Қылмыстық процесс және криминалистика" кафедрасының аға оқытушысы-Байтанова Айнұр Серікқызы. Команда 3-орынға иеленді, сондай-ақ Бокаева Петимат Сайдаахиятовна үшін арнайы «Тапқыр» дипломымен марапатталды.
Басқа жаңалықтар

Шын жүректен құттықтаймыз !
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Заң факультеті «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев

Спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушы-профессорлық құрам арасында өткен спартакиадада кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайра

Күзгі қалалық марафонға кафедрамыз белсенділік танытты
2026 жылы Шымкент қаласында өткен күзгі қалалық марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайрат Тілеубергенұлы қатысып, белсенділік танытты. Аталған спортт