★Заң факультеті
ҚР Конституциялық құқығы пәнінен – қалалық пәндік олимпиада
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 2019 «Жастар Жылы» аясында жастардың әлеуметтік белсенділік және мамандыққа қызығушылықты арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Конституциясы – Негізгі ата заңымыз және мемлекет пен азаматтық қоғам дамуының негізгі бастауы» атты тақырыпта ҚР Конституциялық құқығы пәнінен – қалалық пәндік олимпиада өткізілді.
30.04.2019ж күнге созылған пән олимпиадасына жалпы бес команда қатысып оның жеңімпаздары мен жүлдегерлерді анықталды. Командалық есепте Бірінші орынды М.Сапарбаев атындағы «Мардан Ұландары» командасы, екінші орынды – М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Төрелік» командасы және екінші орынды – SILLK WAY университетінің –«Алаш» командасы, үшінші орынды – Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің «ОҚМПУ» командасы және үшінші орынды - Аймақтық Әлеуметтік Инновациялық университетінің - «Әділет» командасы иеленді. . Өзге оқу орнынан келген қатысушы топтар өздерін жақсы қырларымен танытып, дипломдармен, сертификаттармен, алғыс хаттармен марапатталды.
Жүлделі орын иеленген командалар «Заңтану және Халықаралық қатынастырә факультетінің деканының марапаттау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Басқа жаңалықтар

Шын жүректен құттықтаймыз !
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Заң факультеті «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев

Спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушы-профессорлық құрам арасында өткен спартакиадада кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайра

Күзгі қалалық марафонға кафедрамыз белсенділік танытты
2026 жылы Шымкент қаласында өткен күзгі қалалық марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайрат Тілеубергенұлы қатысып, белсенділік танытты. Аталған спортт