★Заң факультеті
"Жиырма мыңжылдықтың құпиясы"
2022 жылдың 10 ақпанында «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты кітабының авторы Алшанов Рахман Алшанұлы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде білім алушыларымен кездесу өтті. Кездесуде автордың туындысымен оқып-танысқан Заң факультетінің 2 курс студенті Н.Әліайдарқызы «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты кітабы ғылымға деген құштарлықты оятқан бірден-бір еңбек» екенін атап өтті. Аталған туынды бойынша оқушылар мен студенттер арасында эссе жазудан ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздарына автор ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады. Заң факультетінің студенттері аталған байқауға белсене қатысып, сертификат пен 50000 теңге ақшалай сыйлықты жүлделі 1 орын иесі - Ф.Раймбековаға және сертификат пен 20000 теңге ақшалай сыйлықты жүлделі 3 орын иесі - З.Әбдуғаппарға берілді. Сонымен қатар үздік эссе жазғаны үшін Заң факультетінің білім алушылары: Асқар А., Баймагамбетов Н., Есіркеп А., Әліайдарқызы Н., Жанадилова Ж., Жүсіпбекова А., Имелинская В., Лесбек Т., Мырзабек Ж., Төлепов Қ., Тұрсынбек Д., Үсен М. марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Шын жүректен құттықтаймыз !
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Заң факультеті «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев

Спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушы-профессорлық құрам арасында өткен спартакиадада кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайра

Күзгі қалалық марафонға кафедрамыз белсенділік танытты
2026 жылы Шымкент қаласында өткен күзгі қалалық марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайрат Тілеубергенұлы қатысып, белсенділік танытты. Аталған спортт