★Заң факультеті
«Жас ғалымдар кеңесі»
2022 жылы 28 қазанда М.Әуезов атындағы ОҚУ «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ҒЗИ «Тарих және этнология» ҒО, «Жас ғалымдар кеңесі» «25 қазан - Республика күні» атап өту аясында ҚР ЖОО Қазақстан жас педагог-ғалымдар қауымдастығының қолдауыменен «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕОСАЯСИ ДАМУЫ: ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ» атты жас ғалымдардың ғылыми зерттеулері - алаңшасы өтті. Жиын барысында Қырғызстан, Ресей мемлекеттерін, сонымен қатар Астана, Алматы, Балқаш, Түркістанның жас ғалымдары, білім және мәдениет саласының өкілдері, педагог-зерттеушілер өзінің ғылыми-зерттеулерімен таныстырды. Сонымен қатар, «Тарих және этнология» ғылыми орталықтың «Отандық гуманитарлық ғылым» 72-сағаттық ғылыми тағылымдамасына қатысуды талқылады және алаңшадағы тыңдалған баяндамалардың «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журнал басылымына 4/16/12-2022 санына рубрикаторға сәйкес жарияланатыны туралы да айтылды. Esil University ректор кеңесшісі – Қаратабанов Р.Ә., Қазақ қыздар педагогикалық университетінің ғылым департаментінің директоры – Абдраймова М.Р., ОҚМПУ докторанты – Капбарова Г.Ш., Қырғызстан Ж.Баласағуни университетінің магистрі - Мамбетова Н.М., Курск медицина университетінің доценті - Раздорская О., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты - Ибадулла Ы., Мирас және Балқаш гуманитарлы-техникалық колледждердің магистрлері - Ахметова А.Ғ., Нарзуллаева С.Б., өз зерттеулері бойныша жоғары деңгейде баяндады. Жас ғалымдардың ғылыми орталықтарымен танысу, байланыстар орнату, «Жас ғалымдар кеңестің» республикалық деңгейде жұмысын белсендіру, пікір алмасу, жаңа бағыттарды игеруге жол салу, жас зияткерлік ортаны қалыптастыруға ықпалдасу бастамасы сәтті өтті.


Басқа жаңалықтар

Шын жүректен құттықтаймыз !
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Заң факультеті «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев

Спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушы-профессорлық құрам арасында өткен спартакиадада кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайра

Күзгі қалалық марафонға кафедрамыз белсенділік танытты
2026 жылы Шымкент қаласында өткен күзгі қалалық марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайрат Тілеубергенұлы қатысып, белсенділік танытты. Аталған спортт