★Заң факультеті
Университетте «Рае Квонг Чунг атындағы жаңа климаттық экономика орталығы» ашылды
2022 жылдың 31-қазаны күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Нобель сыйлығының лауреаты, «Ғаламдық энергия» премиясын беру жөніндегі Халықаралық комитеттің мүшесі, «Жарқын болашақ үшін» атты Пан Ги Мун Қорының басқарма мүшесі, БҰҰ Бас хатшысының Климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі, Nobel Fest-2022 форумының құрметті қонағы, профессор Рае Квонг Чунгпен кездесу өтті.
Осы кездесу барысының аясында университетте «Рае Квонг Чунг атындағы жаңа Климаттық экономика орталығы» ашылды. Бұл орталықтың ашылуы туралы шешім V Нобель фестивалінің өткізілуі барысында «М.Әуезов атындағы ОҚУ» КЕАҚ-ның Басқарма төрағасы-ректор Дария Пернешқызы Қожамжарова мен Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ Бас хатшысының Климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі, профессор Рае Квонг Чунг арасындағы қол қойылған меморандумның аясында жүзеге асырылды.
Бұл орталықта келешекте жаңа инновациялық білім бағдарламалары дайындалып, өзекті ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылатын болады.
«М.Әуезов атындағы ОҚУ» КЕАҚ-ның Басқарма төрағасы-ректор Д.П.Қожамжарова өз алғысөзінде мәртебелі қонаққа ізгі тілектерін білдіре отырып, аталмыш орталықтың тұрақты даму, жасыл технологиялар және климат өзгеруінің ауыл шаруашылығына әсерін азайту ережелеріне негізделген экономикалық дамудың жаңа үлгісін енгізуді көздейтінін, сонымен қатар оңтүстік өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор әсерін тигізетіндігі туралы әңгімеледі.
Кездесуге келген қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан соңғы жылдарда Шымкент қаласы климатының өзгергендігін және аталмыш саладағы туындаған мәселелерді тек ғылыми тұрғыдан күш біріктіріп қана шешу мүмкін екендігіне тоқталды.
Сонымен қатар профессор Рае Квонг Чунг кездесу бағдарламасына сәйкес университет студенттері мен оқытушы-профессорларына арналған қонақ дәрісін өткізді. Дәріс барысында университеттің профессор-оқытушылары мен студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Екі жақты келісім бойынша профессор Чунг университет студенттеріне оқу жылының бойында тұрақты түрде дәріс оқитын болды.
Іс-шара соңында Басқарма төрағасы-ректор Дария Пернешқызы Қожамжарова М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес профессор Рае Квонг Чунгқа «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің құрметті профессоры» дипломын табыстады.

Басқа жаңалықтар

Шын жүректен құттықтаймыз !
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Заң факультеті «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев

Спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушы-профессорлық құрам арасында өткен спартакиадада кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайра

Күзгі қалалық марафонға кафедрамыз белсенділік танытты
2026 жылы Шымкент қаласында өткен күзгі қалалық марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайрат Тілеубергенұлы қатысып, белсенділік танытты. Аталған спортт