★Заң факультеті
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ - ЗАМАНАУИ УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ШАРТЫ Университетіміздің «Заң» факультеті мен Ташкент мемлекеттік заң университетіні арасындағы халықаралық ынтымақтастық келісім аясында білім беру мен ғылыми байланыстарды нығайту, сондай-ақ өзара кәсіби біліктілікті арттыруда тәжірибе алмасу мақсатында 2022 жылдың 24 қараша күні Өзбекстан Республикасының Ташкент мемлекеттік заң университеті, «Қылмыстық процестік құқық» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы қызметтік іс-сапармен келді. Делегация құрамы «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасының профессоры, з.ғ.д. Е.В.Мицкаяның «ҚР Қылмыстық құқығы» пәнінен ашық сабағына қатысып, пәнді оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану тәжірибесімен танысты. «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасының ұжымы білім алушылар мен делегация құрамымен бірлесе «Қазақстан мен Өзбекстанның қылмыстық процестік заңнамасына салыстырмалы-құқықтық талдау» тақырыбында ғылыми-дөңгелек үстел ұйымдастырып, баяндамалар жасап, екі мемлекет қылмыстық заңнамаларына қатысты ортақ өзекті мәселелерді талқылады.


Басқа жаңалықтар

Шын жүректен құттықтаймыз !
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Заң факультеті «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев

Спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушы-профессорлық құрам арасында өткен спартакиадада кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайра

Күзгі қалалық марафонға кафедрамыз белсенділік танытты
2026 жылы Шымкент қаласында өткен күзгі қалалық марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайрат Тілеубергенұлы қатысып, белсенділік танытты. Аталған спортт