★Заң факультеті
"Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық" кафедрасының студенттері АҚШ елшісімен кездесуіне қатысты
АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм Auezov University студенттеріне дәріс оқыды.
Дәріс барысында дипломат Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың даму аспектілеріне тоқталды. Сонымен қатар екі мемлекет арасында дипломатиялық байланыс орнаған уақыттан бері екіжақты және көпжақты форматта өзара тиімді іс-әрекеттер жолға қойылғанын атап өтті. «Мен Шымкентке келгеніме және Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Университеттеріңіздің кампусы өте әдемі. Мені таңқалдырды. Қазіргі уақытта екі мемлекет арасында білім беру, ғылымды дамыту бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл – АҚШ пен Қазақстан арасындағы тығыз стратегиялық әріптестіктің нәтижесі», – деді Дэниел Розенблюм.
Елші білім алу және жоғары технологияны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. «Білімге ұмтылу – қастерлі құндылық. Сіздер неғұрлым көп ізденіп, білімді жетілдірсеңіздер, соғұрлым дүниені тани түсесіздер», – деп атап өтті дипломат. Дэниел Розенблюм сөзінің соңында университет студенттерін жан-жақты болуға, спортпен шұғылдануға, шетел тілдерін меңгеруге, қазақстандық және әлемдік әдеби мұраны терең білуге шақырды.

Басқа жаңалықтар

Шын жүректен құттықтаймыз !
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Заң факультеті «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев

Спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушы-профессорлық құрам арасында өткен спартакиадада кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайра

Күзгі қалалық марафонға кафедрамыз белсенділік танытты
2026 жылы Шымкент қаласында өткен күзгі қалалық марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайрат Тілеубергенұлы қатысып, белсенділік танытты. Аталған спортт