★Заң факультеті
«Жаһандану дәуіріндегі ұлттық құндылықтардың қажеттілігі» атты іс-шара өтті
21 қараша Бүкіл әлемдік Философтар күніне орай М.Әуезов ат. ОҚЗУ, Заң факультеті, «Философия» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаһандану дәуіріндегі ұлттық құндылықтардың қажеттілігі» атты іс-шара өтті. Аталған іс-шараны факультет деканы Мақсат Елікбай және «Философия» кафедрасының меңгерушісі Ибраева Нурила Амировна өздерінің жақсы лебіздерімен салтанатты түрде ашып берді. «Философия» кафедрасының тәрбие ісіне жауапты, аға тәлімгер Аманбайқызы Мақпалдың студенттерді жұмылдыра отырып жасаған жұмысының нәтижесінде 1 курс «Дінтану және Философия» мамандығының студенттері тәрбиелік мақсатта "Рухани сабақтастық аясында" атты қойылым көрсетіп, 2 курс «Философия» мамандығының студенті Оразалиев Бақдәулет және 3 курс «Философия» мамандығының студенті Жақсылық Махамбет «Жаһандану дәуіріндегі ұлттық құндылықтардың қажеттілігі» тақырыбындағы мәселелерді қозғайтын баяндамаларын оқыды. 1 курс «Философия» мамандығының студенттері Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін интеллектуалды ойын ұйымдастырып, залдағы көрермендердің де іс-шараға белсенді араласуына үлес қосты. Сонымен қатар тарихта аты қалған Ұлы философтардың нақыл сөздерін Кеш барысының оңтайлы өтуіне Философия мамандығының 3 курс студенттері белсене ат салысса, Философия мамандығының 2 курс студенті Ускенова Әсел кеш жүргізушісі қызметін атқарып және Абай атамыздың «Сағаттың шықылдағы емес ермек» атты философиялық өлеңін оқыды. Кафедраның аға оқытушысы Есимова Анаркуль Эльмуратовна және Декан орынбасары Бименов Қайрат Тілеубергенұлы өз сөздерінде студенттерге тәрбиелік мәнді ой қозғады. Аталған іс-шара жақсы деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті!
Басқа жаңалықтар

Шын жүректен құттықтаймыз !
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Заң факультеті «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев

Спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушы-профессорлық құрам арасында өткен спартакиадада кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайра

Күзгі қалалық марафонға кафедрамыз белсенділік танытты
2026 жылы Шымкент қаласында өткен күзгі қалалық марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайрат Тілеубергенұлы қатысып, белсенділік танытты. Аталған спортт


