★Заң факультеті
Академиялық адалдық күніне байқау өткізілді
Академиялық адалдық лигасы және М.С. Нәрікбаев ат. КАЗГЮУ университеті, 2024 жылдың 18 қазанында Академиялық адалдық күніне арналған жұмыс байқауын ұйымдастырды. Байқау «Жастар арасындағы академиялық адалдық және оның заманауи білім берудегі рөлін арттыру» тақырыбына арналды. Іс-шараның мақсаты – жастардың назарын этика және академиялық адалдық мәселелеріне аудару, сондай-ақ зияткерлік еңбекке жауапкершілік пен құрмет мәдениетін дамыту. Жұмыстарды бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оларды тексеруге АҚШ-тан тәуелсіз сарапшылар тартылды. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік жұмыстарды таңдады. Алғыс грамоталармен: М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң, "Заң" факультеті, "Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық" кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев Ж.Б., ЮМ-21-3а тобының 4-курс студенті Нұрманова Д.; ЮМ-23-3тк тобының 3-курс студенті Амангелді Д. марапатталды.
Басқа жаңалықтар

Шын жүректен құттықтаймыз !
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Заң факультеті «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев

Спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушы-профессорлық құрам арасында өткен спартакиадада кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайра

Күзгі қалалық марафонға кафедрамыз белсенділік танытты
2026 жылы Шымкент қаласында өткен күзгі қалалық марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайрат Тілеубергенұлы қатысып, белсенділік танытты. Аталған спортт
