★Заң факультеті
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі»
2024 жылдың 19 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Заң» факультеті «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының қатысуымен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі» тақырыбында семинар өтті. Аталған семинарға Заң факультетінің деканы, з.ғ.к., доцент Елікбай М.Ә., «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., Рахметова Г.Р., Шымкент қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшының орынбасары Сартбаева А.Ж., Шымкент қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының сот орындаушысы Есимова А.Т. және факультет оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты. Семинар барысында қатысушылар атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру мәселелері, практикалық жүзеге асыру, құқықтық реттеу перспективалары, атқарушылық іс жүргізуде тараптардың құқықтарын қорғауды және мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың жұмыстарын жетілдіру бойынша өз пікірлерін ортаға салды.
Басқа жаңалықтар

Шын жүректен құттықтаймыз !
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Заң факультеті «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев

Спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушы-профессорлық құрам арасында өткен спартакиадада кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайра

Күзгі қалалық марафонға кафедрамыз белсенділік танытты
2026 жылы Шымкент қаласында өткен күзгі қалалық марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайрат Тілеубергенұлы қатысып, белсенділік танытты. Аталған спортт


