★Заң факультеті
«Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері жеңіспен оралды!
2025 жылғы 3 мамырда Алматы қаласындағы Тұран университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Аталған білім додасына еліміздің жоғары оқу орындарынан 30 үздік команда қатысты. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті олимпиадаға үш командамен қатысып, өз білімдерінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Университет намысын қорғаған командалар: Ғылыми жетекшісі – Орынбаев Жасулан Балабекович. «Тесла» командасы: • Балтабай Гүлназ Ерланқызы • Таиров Сейдахмет Фархадұлы • Жамбыл Салидат Еркінбекқызы «Байрақ» командасы: • Жунисбаева Камила Ардаковна • Сүлей Әли Дастанұлы • Тұрапбаев Қанат Дулатұлы «Киссенджер» командасы: • Сәлім Дулат Ерболұлы • Амангелді Даниал Берікұлы • Нұрлыбекова Аружан Мұқашқызы. Олимпиада нәтижесі бойынша «Киссенджер» командасы (Сәлім Дулат Ерболұлы, Амангелді, Даниал Берікұлы Нұрлыбекова Аружан Мұқашқызы) үздік деп танылып, I ОРЫНДЫ иеленді. Бұл – студенттердің теориялық білімді тәжірибеде қолдану дағдыларының, логикалық ойлау қабілетінің және жоғары дайындық деңгейінің жарқын көрінісі. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ұжымы атынан жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – университетіміздің білім сапасы мен кәсіби даярлықтағы табысының айқын дәлелі. Болашақ халықаралық қатынастар саласының кәсіби мамандары – сендермен мақтанамыз!
Басқа жаңалықтар

Шын жүректен құттықтаймыз !
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Заң факультеті «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев

Спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушы-профессорлық құрам арасында өткен спартакиадада кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайра

Күзгі қалалық марафонға кафедрамыз белсенділік танытты
2026 жылы Шымкент қаласында өткен күзгі қалалық марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайрат Тілеубергенұлы қатысып, белсенділік танытты. Аталған спортт


