★Заң факультеті
"Алтынмен оралды!"
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті халықаралық жарыстан алтын медаль жеңіп алды. 2025 жылғы 2–5 қазан аралығында Әзірбайжан Республикасында өткен ІІІ ТМД елдерінің ойындарында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Заң» факультеті, «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының ЮМ-22-3тк тобының студенті Айжан Бәкірова каратэ спорт түрінен алтын медаль иегері атанды. Айжан Бәкірова жарыс барысында жоғары кәсіби шеберлігін, төзімділігін және ерік-жігерін танытып, қарсыластарын сенімді түрде жеңіп шықты. Бұл жетістік университетіміздің спорттық дәстүрінің, студенттеріміздің жан-жақты дамуы мен халықаралық деңгейде өз елін лайықты таныта алатын қабілетінің айқын дәлелі болып табылады. «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының ұжымы Айжан Бәкірованы зор жеңісімен шын жүректен құттықтайды! Ол өз жетістігімен тек университетіміздің ғана емес, еліміздің де мәртебесін асқақтатты. Айжанға алдағы уақытта да табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
Басқа жаңалықтар

Шын жүректен құттықтаймыз !
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Заң факультеті «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы Орынбаев

Спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті
2026 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқытушы-профессорлық құрам арасында өткен спартакиадада кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайра

Күзгі қалалық марафонға кафедрамыз белсенділік танытты
2026 жылы Шымкент қаласында өткен күзгі қалалық марафонға кафедрамыздың аға оқытушысы Бименов Қайрат Тілеубергенұлы қатысып, белсенділік танытты. Аталған спортт

