★Сәулет, құрылыс және көлік факультеті
Otau City
Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі « ЖАСТАР – ОТАНҒА ! » бағдарламасын іске асыру бойынша жол картасының «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бағыты аясында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі Алимбек Асланның қолдауымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Құрылыс» мамандығының бітіруші түлектерін құрылыс кешенiмен таныстырды.
Іс шараның мақсаты – жастарды жұмыспен қамту, құрылыс саласындағы жастарды жұмысқа тарту, тәжірибе өткізу, мамандығына деген қызығушылықты арттыру.
Іс тәжірибе барысында 40-қа жуық студенттер құрылыс нысандарындағы материалдарымен танысып, ондағы жұмыс барысын өз көздерімен бақылады . «Otau sity» тұрғын үй кешенi өзiндiк заманауи дизайнерлік идеяларымен және өмір сүрудің қолайлы жағдайларымен ерекшеленеді . Болашақ құрылысшылар жұмыс барысымен танысып қана қоймай, әрбір құрылыс заттарына терең тоқталып, қызығушылықтарын байқатты.
Іс шара барысында «Jas Otan» ЖҚ ШҚФ төрағасы М.Исахов құрылыс саласында терең білім мен қажырлы еңбек етудің маңызы зор екендігін айта отырып, студенттерге жақсы маман иесі болуды тіледі. Шара соңында студенттер өздерінің жағымды әсер алғандарын айтып, қызықты да маңызды кездесуге өз алғыстарын білдірді.




Басқа жаңалықтар

Құрылысты заманауи гибридті желімдер мен герметиктерді қолдану бағытындағы семинар-практикум
М.Әуезов атындағы ОҚУ мен «Селена-ЦА» ЖШС арасында түзілген екі жақты келісімшартқа сәйкес (14.01.2026 жыл) 2026 жыл 22-23 қазан күндері полиуретанды көбіктер,
SMНурымбетова Раушан Уалихановнаның докторлық диссертациясын алдын ала қорғау туралы хабарландыру
2026 жылғы 18 қыркүйек сағат 12:00-де 103В аудиторияда докторант Нурымбетова Раушан Уалихановнаның докторлық диссертациясын алдын ала қорғауға арналған, кафедра
SMНурымбетова Раушан Уалихановнаның докторлық диссертациясын алдын ала қорғау туралы хабарландыру
2026 жылғы 25 маусымда сағат 14:00-де 103В аудиторияда докторант Нурымбетова Раушан Уалихановнаның докторлық диссертациясын алдын ала қорғауға арналған, кафедра