★Мәдениет және өнер факультеті
Нұрлы жол – біздің таңдауымыз
16 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінде «Нұрлы жол – біздің таңдауымыз» атты дөңгелек үстел болып өтті. Жиынға ЖОО ұстаздары, ғылыми институттың ғалымдары, ОҚО этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел отырысын ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жетекшісі Құрманбаева Тұрсынгүл Лесбекқызы жүргізіп отырды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Ө.Карибаев «Қазақ мемлекеттілігі мен мемлекетінің өзекті мәселелері» атты баяндама жасады. Сондай-ақ Алматы қаласынан ҚР БжҒМ Ғылым комитеті Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, т.ғ.к. Әуезхан Шашаев және жетекші ғылыми қызметкері Рашид Оразовтар 2015 жыл – тарихты ұлықтауға байланысты өз пікірлерін білдірді. Дөңгелек үстел қорытындысынан кейін қатысушылар бірауыздан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің басқаруындағы елді реформалаудың стратегиялық курсын толық қолдайтындықтары туралы қарар (резолюция) қабылдады.
Басқа жаңалықтар

В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVII-Республикалық пәндік олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.
2025 жылдың 15 сәуір күні, сағат 10:00-де М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, бас ғимаратының акт залында В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының т

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XVII республикалық пәндік олимпиада
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2025-жылдың 27- наурыз, 3 сәуір аралығында Қ

«НАУРЫЗНАМА-2025»: САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН КҮН
«16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де