★Мәдениет және өнер факультеті
«Өнері өркендеген өлке» семинар -кеңес
Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы 2016 жылдың 17 ақпанында М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «Педагогика және мәдениет» факультетінде «Өнері өркендеген өлке» атты «Мәдени-тынығу және әлеуметтік қызмет» кафедрасымен бірлескен халықтық атағы бар театр режиссерларына, көркемөнер ұжымдарының жетекшілеріне арналған облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар-кеңесте Облыстық мәдениет және халық шығарма-шылығы орталығының директоры Н.Әділханов, Педагогика және мәдениет» факультетінің деканы п.ғ.д., Әжібеков Қ.Ж. семинар-кеңесті ашты. «Мәдени-тынығу және әлеуметтік қызмет» кафедрасының меңгерушісі Сапарова Ю.А., профессоры, ҚР Халық әртісі Уразимбетов., аға оқытушы Жандарбеков А., аға оқытушы Емкулова А.Е., магистр Шымалиев А. баяндама оқыды. Сондай-ақ семинар соңында «Думан» студенттер халық театры Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты пьесаның қойылымы көрсетілді. Қойылымға инценировка жасаған, қоюшы-режиссер оқытушы Емкулова А.Е
Басқа жаңалықтар

В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVII-Республикалық пәндік олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.
2025 жылдың 15 сәуір күні, сағат 10:00-де М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, бас ғимаратының акт залында В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының т

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XVII республикалық пәндік олимпиада
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2025-жылдың 27- наурыз, 3 сәуір аралығында Қ

«НАУРЫЗНАМА-2025»: САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН КҮН
«16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де