★Мәдениет және өнер факультеті
VIII Республикалық пәндік олимпиада
2016 жылдың 14-15 наурыз аралығында Астана қ-сы, Қазақ Ұлттық өнер университетінде жоғары оқу орындарының 5В040900 – «Хореография» мамандығының студенттеріне арналған VIII Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиада 2 бөлімнен құралды – жазбаша тестілеу және тәжірибелік тапсырма. Коммиссия мүшелері Қазақстанның түрлі қалаларынан келген «Хореография» мамандығының шеберлері, халық әртістері, профессорлар, доценттері мен өнертану кандидаттарынан құралды. ҚазҰӨУ студенттері мен олимпиада қатысушыларына мемлекетіміздің үздік мамандары мастер класстар өткізді, алғашқылардың бірі М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Өнер» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Тлеубаева Б. С. Олимпиада қортындысы бойынша п.ғ.к., доцент Тлеубаева Б. С. және п.ғ.к. Дильдебаева Г. Р. студенттерді республикалық пәндік олимпиадаға жоғары дәрежеде дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. ПИК-13-9р тобының студенті Нурбек Ж. ІІІ орын иегері атанды. Пәндік олимпиаданың нәтижесі бойынша, «Өнер» кафедрасының студенттері шығармашылық түрғыда дамып, оқу барысында алған білімдерін, тәжірибелік түрде қолдана алады деп сеніммен айта аламыз.

Басқа жаңалықтар

В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVII-Республикалық пәндік олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.
2025 жылдың 15 сәуір күні, сағат 10:00-де М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, бас ғимаратының акт залында В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының т

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XVII республикалық пәндік олимпиада
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2025-жылдың 27- наурыз, 3 сәуір аралығында Қ

«НАУРЫЗНАМА-2025»: САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН КҮН
«16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де