★Мәдениет және өнер факультеті
УНИВЕРСИТЕТ САЙТЫНА
Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-да өткен археология және этнология мамандығы бойынша VIII – Республикалық пәнаралық олимпиадаға «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы белсене атсалысып, студенттер дайындады. Осы іс-шараға т.ғ.к. доцент Жанысбекова Г.А. жетекшілігімен «Ұлы дала қырандары» командасын ұйымдастырды. Команда құрамын толықтырған студенттер: Пик-12-3к тобынан Отар Ә.Н., ПИК-13-3к табынан Әлімхан М.Ә., Түймебаева М.Т., Рашхан М.Ғ., ПИК-15-3к тобынан Әшім Ж.Қ. Аталған жарыс 3-турдан тұрды. 1-тур таныстыру, 2-тур археологиядан жоба қорғау, 3-тур этнологиядан жоба қорғау. 1-турға топ мүшелері өзіміздің оқу ғимаратымыздың көрінісін, студенттік өмірден сыр шертетін бейнебаян жасады. Ал келесі турға қарсы жобаның тақырыбын «ежелгі қала – Испиджаб» болды. Аталған тақырыпқа сай топ мүшелері Испиджаб (қазіргі атауы Сайрам) қаласына барып тарихи ескерткіштерге экскурсия жасап тарихымен және соңғы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен танысты. 3-турға «Сайрам қаласындағы Өзбек ұлтының этнографиясы» тақырыбын алып, Сайрамдағы өзбек халқының салт-дәстүрімен, ұлттық тағамдарымен, ұлттық киімдерімен, ұлттық мейрамдарымен және т.б. өмір сүру дәстүрімен танысты. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардан сауалнама жинап, Қазақстан жерінде өмір сүретін өзбек ұлты мен Өзбекстанда өмір сүретін өзбек халқының тілдік ерекшеліктерін зерттеді. Ал олимпиаданың өзіне келер болсақ, Қазақстанның түрлі аймақтарынан 13 команда қатысты. Бас жүлдені әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-дың «Археология қырандары» командасы алды. Өзіміздің «Ұлы дала қырандары» «үздік студенттік жоба» номинациясымен қоржынын майлады.
Басқа жаңалықтар

В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVII-Республикалық пәндік олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.
2025 жылдың 15 сәуір күні, сағат 10:00-де М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, бас ғимаратының акт залында В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының т

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XVII республикалық пәндік олимпиада
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2025-жылдың 27- наурыз, 3 сәуір аралығында Қ

«НАУРЫЗНАМА-2025»: САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН КҮН
«16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де