★Мәдениет және өнер факультеті
Музейдегі тарих
14 қазан күні «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы Г.Ахайдың жетекшілігімен ЮМ-16-3к тобының студенттері Оңтүстік Қазақстан облыстық Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде болды. Оқу жоспарындағы дәрістің «Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары» тақырыбы аясында жүргізілген экскурсия кезінде студенттер музей экспозициясымен таныса отырып саяси қуғынға ұшыраған мемлекет қайраткерлері туралы құжатты деректерге көңіл аударды, зұлмат жылдар тарихынан әсер алды. Музейдің орталық және тағзым залын аралау барысында мекеменің аға ғылыми қызметкері Бейсова Дариға Жарқынбайқызы келуші студенттерге тоталитарлық жүйе мен қуғын-сүргін заманындағы қазақ зиялыларының атқарған еңбектеріне шолу жасап, Қазақстан тарихындағы осы бір ауыр кезеңнің кейбір тұстары туралы кең түрде баяндап берді.
Басқа жаңалықтар

В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVII-Республикалық пәндік олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.
2025 жылдың 15 сәуір күні, сағат 10:00-де М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, бас ғимаратының акт залында В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының т

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XVII республикалық пәндік олимпиада
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2025-жылдың 27- наурыз, 3 сәуір аралығында Қ

«НАУРЫЗНАМА-2025»: САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН КҮН
«16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де