★Мәдениет және өнер факультеті
«АРХИВТАНУ» ПӘНІ САБАҒЫ – ОҚО МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНДЕ ӨТКІЗІЛУДЕ
Саяхат сабақтар – білім берудің интербелсенді түрі. Білімді өмірдің қажетіне жарату – қазіргі заманның бұлжымас талабы екендігін ескере отырып, «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Г.Ә. Жанысбекова ОҚО мемлекеттік архиві басшылығы және қызметкерлерімен үнемі ғылыми-практикалық және әдістемелік әріптестік байланыста болып отырады. Студенттерді кәсіптің қыры мен сырына баулудың осы жағын жүзеге асыруға мүмкіндік жасап отыратын архив директоры Айдын Исатаеваға, директордың орынбасары Кәмшат Тасыбековаға алғысымыз ерекше.Осы саяхат сабақта студенттер архив бөлімдері мен оның қызметінің ерекшеліктерімен тікелей танысумен қоса, «Қазақстандағы архив ісінің дамуы» тақырыбында лекцияны кәсіп иелерінің өздерінен тыңдап қайтты.
Басқа жаңалықтар

В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVII-Республикалық пәндік олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.
2025 жылдың 15 сәуір күні, сағат 10:00-де М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, бас ғимаратының акт залында В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының т

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XVII республикалық пәндік олимпиада
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2025-жылдың 27- наурыз, 3 сәуір аралығында Қ

«НАУРЫЗНАМА-2025»: САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН КҮН
«16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де