★Мәдениет және өнер факультеті
Дипломдық (шығармашылық) жұмыстарының алдын ала қорғау
4-5 сәуір күндері 5В090600 «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы, «Мектеп және мектептен тыс мекемелерде мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыру және педагогикасы», «Театр ұжымына жетекшілік» маманданулары, 4 курс, ПИК-13-15к2, к3 тобы студенттерінің дипломдық(шығармашылық) жұмыстарының алдын ала қорғаулары өткізілді. Студенттер қорғау жұмыстарының талаптары бойынша құжаттары: көрнекті материалдар, пьеса, сценариилер, видеометариалдары, фотосуреттері, іске асыру актілері тағы да басқа да материалдарын арнайы құрылған факультет деканының орынбасары Болысбаев Д.С. жетекшілік еткен комиссия және ғылыми жетекшілері алдында көрсетіп жүргізілген жұмыстары жөнінде есеп берді. Екі топтың студенттерінің есептерін тыңдап, көріп болған комиссия мүшелері кемшіліктері мен жетіспеушіліктеріне тоқталып, әдістемелік кеңестер берді. Атқарылған жұмыс көлемін ескере отырып, комиссия мүшелері осы күнге дейінгі атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық танытып, алдын-ала қорғалды деп есептеліп, дипломдық(шығармашылық) жұмыстарды рецензияға жіберуге шешім қабылдады. 

Басқа жаңалықтар

В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVII-Республикалық пәндік олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.
2025 жылдың 15 сәуір күні, сағат 10:00-де М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, бас ғимаратының акт залында В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының т

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XVII республикалық пәндік олимпиада
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2025-жылдың 27- наурыз, 3 сәуір аралығында Қ

«НАУРЫЗНАМА-2025»: САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН КҮН
«16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де