★Мәдениет және өнер факультеті
Пәндік олимпиада
20 сәуір күні Ақпараттық білім беру орталығының оқу залында «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» бойынша факультетаралық ІХ - пәндік Олимпиада болып өтті. Пәндік олимпиадаға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясынан студенттер командасы да қатысты. «Тәуелсіз Қазақстан», «Мәңгілік ел», «Алаш айнасы» (Филология факультеті), «ЭКСПО» («Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі), «Алаш KZ» (ОҚМФА) және «Жас тұлпар» (Жаратылыстану-педагогикалық факультеті) командалары қатысқан сайыс тест сұрақтарына жауап беру, арнайы тақырыптар негізінде эссе жазу мен презентациялық көрсетілімдегі тапсырманы орындау кезеңдері бойынша жүргізілді. Олимпиада барысында «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметіне 100 жыл» тақырыбында АБО-ның Гуманитарлық мамандықтарға қызмет көрсету бөлімінің (меңгерушісі Ж.Ережепова) ұйымдастыруымен кітаптар көрмесі ұсынылды. Қорытындысында білімдері, зерттеулік және шығармашылық ізденістерін көрсеткен үздік командалар анықталып «Қазақстан тарихы» кафедрасы тарапынан марапатталды.
Басқа жаңалықтар

В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVII-Республикалық пәндік олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.
2025 жылдың 15 сәуір күні, сағат 10:00-де М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, бас ғимаратының акт залында В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының т

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XVII республикалық пәндік олимпиада
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2025-жылдың 27- наурыз, 3 сәуір аралығында Қ

«НАУРЫЗНАМА-2025»: САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН КҮН
«16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де