★Мәдениет және өнер факультеті
Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау
2018 жылдың 3-желтоқсан күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің №4 жатақханасы акт залында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды. Жиын «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен өткізілді. Кафедраның аға оқытушысы Ержан Жарқынбайұлы мақалаға байланысты баяндама жасап, өз ойын ортаға салды. Баяндамашы мақаласының дер кезінде жарияланғанына және оның төл тарихымызға оң көзқарас қалыптастыруда маңызы зор екендігіне тоқталды. Ол өз сөзінде қазақ жерінің түркі әлемінің алтын бесігі екенін, ұлы даладағы ежелгі металлургияның, қызғалдақтың отаны болып табылатынын тілге тиек етіп, ежелгі заманда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қарқынды дамығанын атап өтті. «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының аға тәлімгері Тоева Меруерт қазақ жерінің өзінің тарихи брендтерінің бар екеніне назар аударып, еліміз Еуразияның кіндігі ретінде әлемдік қауымдастық деңгейінде мойындалуы тиіс деген пікірін білдірді. Ол мысал ретінде, Ботай мәдениетіне сілтеме жасай отырып, оның брендке айналуы, оның танымалдығы тек шетелде ғана емес, ең алдымен ел ішінде артуы тиіс екендігіне тоқталды. Кездесу ашық талқылау форматында ұйымдастырылғандықтан студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, қатысушылардың ой-пікірлері тыңдалды.
Басқа жаңалықтар

В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVII-Республикалық пәндік олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.
2025 жылдың 15 сәуір күні, сағат 10:00-де М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, бас ғимаратының акт залында В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының т

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XVII республикалық пәндік олимпиада
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2025-жылдың 27- наурыз, 3 сәуір аралығында Қ

«НАУРЫЗНАМА-2025»: САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН КҮН
«16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де