★Мәдениет және өнер факультеті
«КӨШПЕЛІЛЕР ӨРКЕНИЕТІНІҢ ӨРНЕГІ»
2021 жылдың 20 қазан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Жетіасар» көркем-сурет галереясында суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Рәсілбек Естемесовтың «КӨШПЕЛІЛЕР ӨРКЕНИЕТІНІҢ ӨРНЕГІ» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Көрменің ашылуына аталған оқу орнының Басқарма төрағасы-ректор Д.П.Қожамжарова, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Сұлтан Иляев, әуесқой суретші М.Мухтарова, оқу орнының оқытушылары және студент-жастар қатысты.
Басқарма төрағасы-ректор Д.П.Қожамжарова Рәсілбек Әбделіұлына өнерлі жастар үшін бүгінгі ұйымдастырып отырған көрмесі үшін алғысын білдіріп, жастарға осы Рәсілбек ағаларының шығармашылық жолынан үлгі алуларына, өздерінің де өз салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетуіне тілек білдіріп, ол үшін университетте барлық жағдай жасалып отырғанын және жалғасын табатынын жеткізді.
Құттықтау сөз кезегі алған ҚР Суретшілер одағының мүшесі Сұлтан Иляев, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, профессор Ануар Айдосов және Мәдениет және спорт факультетінің студенті Сатанова Жұлдыз Рәсілбек Әбделіұлының шығармашылығына тоқталып, жеке көрмесінің ашылуымен құттықтады.
Көрменің жалғасы Рәсілбек Естемесовтың студенттермен мастер-класс өткізуімен жалғасты.

Басқа жаңалықтар

В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVII-Республикалық пәндік олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.
2025 жылдың 15 сәуір күні, сағат 10:00-де М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, бас ғимаратының акт залында В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының т

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XVII республикалық пәндік олимпиада
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2025-жылдың 27- наурыз, 3 сәуір аралығында Қ

«НАУРЫЗНАМА-2025»: САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН КҮН
«16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де