★Мәдениет және өнер факультеті
«Тәуелсіздігім – тірегім»
«Тәуелсіздігім – тірегім» эссе жазу сайысы
29.11.2021 ж сағат 17:00 – 18:00 аралығында М.Әуезов атындағы ОҚУ нің №1 жатақханасында 1-4 курс білім алушылары арасында офлайн форматында «Тәуелсіздігім – тірегім» эссе жазу байқауы өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігінің 30 жылдығы және Тұңғыш Президент күні мерекелерінің құрметіне орай ұйымдастырылған мәдени іс-шараға қатысуға 15 адам өтініш білдіріп 15 білім алушы бақтарын сынады. Сайыс ережесіне сәйкес эссе жазуға барлығына бірдей 40 минут уақыт берілді.
«Мәдениет және спорт» факультеті білім алушылары үшін «Тәуелсіздігім – тірегім» тақырыбында эссе жазу оңайға соқпады. Бір сәт болса да отырып, тақырып төңірегінде ойлану өнеріне зейін бөлу қиынның қиыны екенін қатысушылардың бет-әлпеті, жазу процесіндегі саусақ қимылдары хабар беріп жатты.
Интеллектуалдық жарыс шартына сәйкес берілген шектік 40 мин уақыт атқан оқтай, шапқан аттай өте шықты.
«Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедарасы оқытушыларынан құралған қазылар алқасы жұмыстарды мұқият оқып шығып, ережеде көрсетілген эссені бағалау критериіне сәйкес бағалап, төмендегідей шешім шығарды:
ІІІ орын «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы, МС-20-14 к тобының 2-курс білім алушысы Б.Ходжабаева, МС-21-15 к1 тобының 1-курс білім алушысы Г.Рахымға, МС-20-14 к тобының 2-курс білім алушысы К.Сайдуллаларға бұйырса, ІІ орынға МС-21-14 к тобының 1-курс білім алушысы А.Жунисбек пен Е.Жамаловтар жайғасты. МС-21-14 к2 тобының 1-курс білім алушысы Т.Жанәбілова І орын иеленді. Бас жүлдені «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы, МС-18-10 к тобының 4-курс студенті Ж.Сатанова жеңіп алды.
«Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің бас маманы Бегайдар Момынбек Узакбаевич аталған кафедра оқытушыларының бастамасымен өткен іс-шараның 100 % әділ өткізілгенінің куәсі болды.

Басқа жаңалықтар

В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVII-Республикалық пәндік олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.
2025 жылдың 15 сәуір күні, сағат 10:00-де М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, бас ғимаратының акт залында В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының т

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XVII республикалық пәндік олимпиада
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2025-жылдың 27- наурыз, 3 сәуір аралығында Қ

«НАУРЫЗНАМА-2025»: САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН КҮН
«16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де