★Мәдениет және өнер факультеті
Әуезов университетінде Білім күні аталып өтті

Бүгін 80 жылдық тарихы бар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Білім күні аталып өтті.
Іс-шараға елімізге белгілі, тұлғалар мен университет түлектері қатысты. Атап айтқанда, «СаутсОЙЛ» ЖШС төрағасы Серікжан Сейітжанов, Қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, Әлем чемпионы Әлия Юсупова мен Генерал-майор Владимир Накисбаев жас студенттерді құттықтап, алдағы оқуларына сәттілік тіледі.
Әуезов университеті – еліміздегі студент саны бойынша ең үлкен, іргелі жоғары оқу орындарының бірі. Биыл мемлекеттік білім беру гранты бойынша 3 мыңнан астам студент қабылданды. Мемлекеттік грант саны бойынша Әуезов университеті биыл республика бойынша үшінші орынға ие болып, барлығы 7500мыңға жуық студент 1-курсқа қабылданды. Оның ішінде 100-ге жуық «Алтын белгі» иегері бар.
Сонымен қатар, университеттің географиялық шекарасы ұлғайып отыр. Биыл оқуға түскен талапкерлердің арасында Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарынан келген студенттер бар.
Бұған қоса 133 қандасымыз бен 255 шет ел азаматы Түрікменстан, Өзбекстан, Жапония, Монғолия, Нигерия, Пәкістан сынды елдерден foundation білім бағдарламасына құжат тапсырған.
Мерекелік кеште елімізге танымал әншілер өнер көрсетіп, студенттерге арналған концерттік бағдарлама мен от шашу ұйымдастырылды.
_____________

Басқа жаңалықтар

В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының тобы бойынша XVII-Республикалық пәндік олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.
2025 жылдың 15 сәуір күні, сағат 10:00-де М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, бас ғимаратының акт залында В092 –«Тынығу» дайындық бағытындағы білім беру бағдарламаларының т

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XVII республикалық пәндік олимпиада
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2025-жылдың 27- наурыз, 3 сәуір аралығында Қ

«НАУРЫЗНАМА-2025»: САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН КҮН
«16 наурыз – мәдени мұраны, өнерді және ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де