★Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет

Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Насыр әл-Фарабидің кіндік қаны тамған Отырарда аса көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері, этнограф, ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің қамқорлығымен, Асантай Әлімовтің негізін қалап негіздеуімен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі ашылып, Әбу Насыр әл-Фарабидің туған қаласы Фараб-Отырар-Весидж (Уасидж) Зернук-Оқсыз (Оксус) және Отырар алқабындағы басқа да ортағасырлық қала тұрақтары археологиялық ескерткіш ретінде қорыққа алынып, археологиялық қазба, қайта жаңғырту, ғылыми-зерттеу, мәдени ағартушылық жұмыстары жүргізілуде.Әбу Насыр әл-Фарабидің әлемдік ғылыми ілімдердің қалыптасуындағы рөлін және басқа да, қоғам, мемлекет, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен қызметін – мемориалдық кешен негізінде ашып көрсету. Әлемде теңдесі жоқ ұлы ойшыл, ғұлама ғалым, жерлесіміз Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлақ әл-Фарабиді қазақ халқы жан дүниесімен сезініп үлкен мақтаныш етеді және ұлы бабасының туған, өмір сүрген, білім алған, қызмет еткен, ғылыммен айналысқан жерінің барлығын қасиетті деп есептеп, бабамыздың туған жері Фараб-Отырарды, фәни дүниеден бақи дүниеге аттанған Дамаск-Шам шаһарын қасиет санап, бабамыздың туған Отаны – Қазақстан мен екінші отаны болған Сирия жерін Адамзат өркениетінің кіндігі деп ұлттық зиярат ету орындары ретінде қабылдайды. Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасы адамзаттың мәңгілік екенін таныта береді. әл-Фарабидің 1150 жылдығы 2020 жылы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілетіні – осының айғағы.

← Барлық жаңалықтар

Басқа жаңалықтар

2024 жылдың 19 маусымында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Әдеп бойынша кеңестің мәжілісі өтті.

ӘДЕП БОЙЫНША КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІ 2024 жылдың 19 маусымында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Әдеп бойынша кеңестің мәжілісі өтті. Мәжіліс бар

ӘСКЕРИ КАФЕДРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің ұйымдастыруымен 04.06.2024 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ Әскери кафедрасы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарс

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ҚҰРАМЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.06.2024 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ қабылдау комиссиясы құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Іс-шара қатысу