★Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет

АЛИК ШПЕКБАЕВ

АЛИК ШПЕКБАЕВ: БАРЛЫҒЫ БАСШЫ БОЛУҒА ҰМТЫЛАДЫ, БІРАҚ КЕЗ-КЕЛГЕНІ ҚАРАМАҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛУҒА ДАЙЫН ЕМЕС

«2020 жылы қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін 6 саяси қызметші отставкаға жіберіліп, 9 саяси қызметкер, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымындағы 39 басшы және квазимемлекеттік сектордың 5 топ-менеджері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Отставкалар туралы жаңалықтар азаматтар мен БАҚ-тың жіті назарында екенін ерекше атап өткім келеді. Барлығы басшы болуға ұмтылады, бірақ кез-келгені қарамағындағы қызметкері үшін жауапкершілік алуға дайын емес. Отставкаға кету туралы жай өтініш беру және іс жүзінде отставкаға кету – екі түрлі әрекет. Жиі берілетін ескертулер мен сөгістер азаматтардың тек ашуын туғызады. Сондықтан, заңмен қоса моральдік-этикалық қағидаттарды да басшылыққа алатын уақыт келді.

Осы тұрғыда біз кеңесіп, Агенттік қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берсе оның тікелей басшысын атқаратын лауазымынан бірден босату туралы шешім қабылдадық. Тек басшылар сыбайлас жемқорлық фактісін өз бетінше анықтап, жолын кескен жағдайларда ғана қолданылмайды».



← Барлық жаңалықтар

Басқа жаңалықтар

2024 жылдың 19 маусымында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Әдеп бойынша кеңестің мәжілісі өтті.

ӘДЕП БОЙЫНША КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІ 2024 жылдың 19 маусымында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Әдеп бойынша кеңестің мәжілісі өтті. Мәжіліс бар

ӘСКЕРИ КАФЕДРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің ұйымдастыруымен 04.06.2024 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ Әскери кафедрасы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарс

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ҚҰРАМЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.06.2024 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ қабылдау комиссиясы құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Іс-шара қатысу