★Аграрлық факультет

М.Әуезовтың еңбектері мен өмірбаяны

«М.Әуезовтың еңбектері мен өмірбаяны» атты дөңгелек үстелді, ОҚМУ –дың 70-жылдығына орай «Су ресурстары және суды пайдалану» кафедрасынан АП-11-4к1 тобының ұйымдастыруымен, 13.03.2013ж., сағ 12-20 да, 105 аудиториясында өткізілді. Іс-шарада 3-этаптан тұрады:

  1. М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім деңгейін арттыру бағытында шолу жасалынды.(өмірбаяны, ағартушылық ісі, драматургиясы);
  2. Ой ұшқырлығын танытуға, шыңдау, белсенділігін арттыру мақсатында сұрақ – жауап түрінде сайыс ұйымдастырылды;
  3. Жауапкершілікке , ұжымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында М.Әуезовтың шығармаларынан үзінді, домбырамен өлең айтылды.

Дөңгелек үстелде видеороликтер көрсетілді.Топ студенттері 2-топқа бөлініп, екі топты екі жүргізуші жүргізді.АП-11-4к1 тобындағы дөңгелек үстелде қабырға газеті мен презентациялық слайдтар әзірленді.

← Барлық жаңалықтар