★Аграрлық факультет
Түркістанда "Әуезов университетінің күндері" өтті
2023 жылғы 17-19 сәуір аралығында Түркістан облысы мәдениет басқармасының көпсалалы "Конгресс-холл" кешенінде М. Әуезов атындағы ОҚУ басқарма төрағасы -ректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Пернешқызы Қожамжарованың бастамасымен "Әуезов университетінің күндері" өтті. Іс-шараның мақсаты Түркістан қаласы мектептерінің түлектерін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 129 білім беру бағдарламасымен таныстыру болды. Конгресс-холл фойесінде университеттің жетістіктер көрмесі ұйымдастырылды, онда декандар өз факультеттері туралы, нақты мамандықтарды меңгеру ерекшеліктері, одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Аталған іс-шараға қонақтар, ғалымдар, университет студенттері, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде оқыған студенттер қатысты. Іс-шара аясында арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Әр күннің соңында лотерея ұтыс ойыны өткізілді. Нөмірлері ұтысты болған лотерея жеңімпаздарына құлаққаптар, электронды сағаттар мен планшеттер берілді.




Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «