★Аграрлық факультет
"Аграрлық" факультеті ғылыми ынтымақтастық пен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған дөңгелек үстел өткізді
Ғылыми ынтымақтастықты, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ "Аграрлық" факультеттің, атап айтқанда "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттермен алмасу мақсатында 20 сәуірде онлайн-форматта дөңгелек үстел өткізілді. М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы Сүлейменов Ұланбатор Сейтқазыұлы, "Аграрлық" факультетінің деканы, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Тастанбекова Гүлнара Рахимбердіқызы және К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік Аграрлық университетінің "Гидромелиорациялық және құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және технологиялары" кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Балабанов Виктор Иванович құттықтау сөз сөйледі. Брест мемлекеттік техникалық университетінің, Ұлттық Зерттеу университетінің - Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты және К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік Аграрлық университетінің қатысушылары факультеттің қызметімен және құрылымдық бөлімшелерімен танысты. Іс-шараның соңында ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, оқытушылар мен студенттердің тағылымдамадан өту қажеттілігі туралы пікір айтылды, бұл осындай іс-шаралардың маңыздылығын және жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті одан әрі дамыту перспективасын көрсетеді.






Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «