★Аграрлық факультет
Аграрлық факультет онлайн кездесу режимінде Созақ ауданының мектептерімен «Ашық есік күнін» өткізді
Іс-шараны "Аграрлық" факультеті деканының м.а., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Тастанбекова ашты. Ол факультет қызметінің негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ "Жаскешу" және "Қайнар бұлақ" ғылыми зертханалары мен оқу шаруашылықтарының жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұдан әрі модератор, магистр Нұржан Нұрходжаев "Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы" кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Әсет Жылқыбаевқа, "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Парида Султанбековаға және "Ветеринариялық медицина" кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Айсұлу Күзербаеваға сөз берілді. Олар "Агрономия", "Топырақтану және агрохимия", "Өсімдіктерді қорғау және карантин", "Жеміс-көкөніс шаруашылығы", "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы", "Жерге орналастыру", "Кадастр", "Аграрлық техника және технологиялар", "Су ресурстары және суды пайдалану" және "Ветеринариялық медицина" білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Кәсіптік бағдар беру жұмыс орталығының қызметкерлері Ізбаева Ботагөз және Маханбетов Әділет М. Әуезов атындағы ОҚУ-ға түсу және қабылдау комиссиясының ережелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Іс-шара Zoom платформасында өтті, бұл тікелей эфир режимінде 317 түлектің барлық сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік берді.






Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «