★Аграрлық факультет
Аграрлық факультет деканы Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің магистранттары мен докторанттарына дәріс өткізді
Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті басшылығының шақыруымен 2023 жылғы 12 мамырында Аграрлық факультет деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Тастанбекова Өсімдіктерді қорғау, агрохимия және топырақтану факультетінің магистранттары мен докторанттарына дәріс өткізді. Г.Р. Тастанбекованың ғылыми қызығушылық саласы негізгі ауыл шаруашылығы және көкөніс-жеміс дақылдарының тәлімі және суармалы жерлерде өсіру технологияларын, ауыспалы егістер, органикалық егіншілік зерттеумен байланысты. Осы кездесуде "Оңтүстік Қазақстанның сұр топырақтарындағы майбұршақ дақылының өнімділігіне микроэлементтердің әсері" тақырыбында дәріс өткізілді. Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің басшылығы Гүлнәр Тастанбековаға жас ғалымдарға бірегей дәріс оқығаны үшін алғыс білдіріп, сертификат табыс етті.






Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «