★Аграрлық факультет
Білім күнімен!
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Аграрлық» факультетінде 1 қыркүйек - Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілд. Салтанатты шараны факультет деканы Гүлнар Рахымбердіқызы Тастанбекова ашты. 2023 жылы Агроөнеркәсіптік кешен әлеміне 251 бірінші курс студенттері үшін Аграрлық факультеті есігін айқара ашты. Мерекелік жиынға 1 курс студенттері, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, оқытушылар және құрметті қонақтар қатысты. Мерекелік жиыннан кейін кафедра меңгерушілері 1 курс студенттеріне факультеттің оқу-материалдық базасы бойынша экскурсия ұйымдастырып, оқу топтарының кураторларымен таныстырды. Студенттерге Аграрлық факультеттің ішкі тәртіп ережелері, ғылыми зерттеулер аясында кафедраларда жүргізілетін ғылыми зерттеулер, академиялық және әлеуметтік шәкіртақылардың мөлшері, сонымен қатар жоғарылатылған академиялық шәкіртақы алу мүмкіндіктері туралы айтылды. Факультет кітапханасында ашық есік күні өткізіліп, 1 курс студенттеріне оқулықтар таратылды. Бірінші курс студенттері факультеттің біртұтас ғылыми-білім беру ортасының және электронды кітапхана ресурстарының мүмкіндіктерімен танысты. Барлық студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Биылғы оқу жылы баршаға табыс, сәттілік және аграрлық сектордағы экономиканың ең озық және сұранысқа ие секторларының бірінде таңдаған мамандығын алу жолындағы барлық жоспарлардың орындалуын әкелсін! Оқуда, ғылымда, спортта, шығармашылықта, еңбекте табыс тілейміз!






Басқа жаңалықтар

Ветеринарлық медицина
+ Сарыбаев Ыктияр Уалибекович PhD доктор, кафедра меңгерушісі Байланыс мәліметтері: Ғимарат №9 , 102 кабинет Жұмыс телефоны: 87252-32-23-37 + Жанбырбаев Мухтар

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Аграрлық факультетінің бірінші курс студенттері Білім күнін мерекелік концертпен қарсы алды
1 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Аграрлық факультеттің бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесу өтті. Шара жаңа оқу жылы

Халықаралық ынтымақтастық: Самарқанд мемлекеттік университетінің Ташкент филиалымен тәжірибе алмасу
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті халықаралық әріптестікті белсенді дамытуды жалғастыруда. Оқу-әдістемелік және ғылыми ынтымақтастықты нығайту аясында «